Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-да 4 жасар бала 40℃ аязда көшеде жалғыз жүрген

02 ақпан 2021, 13:08

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында ер адам далада қақаған аязда көшеде кішкентай қызды көрген. Ол ересектердің бақылауынсыз жалғыз жүрді.

 

Аязды күні бала үсіп қалады деп секемденген Алтай тұрғыны полицияға хабарласқан.

 

Кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасайтын полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде қыздың ата-анасы және мекенжайы туралы ақпаратты анықтаған. Бала ата-анасына қайтарылды.

 

Анықталғандай, кішкентай қыздың анасы таңертең дәрігерге көрінуге кеткен. Ал, әкесі ауылда жұмыстарымен жүрген. Ұйқысынан оянған бала үйде ешкім жоқ екенін түсініп, анасын іздеу үшін сыртқа шықты.

 

Баланың анасы қызын үйіне қайтарған полиция қызметкерлері мен жанашыр ер адамға алғыс айтты.

 

 

 

sputnik.kz