ШҚО-да әйел күйеуінің көңілдесін қалай жазалады

19 мамыр 2022, 20:02

Жәбірленуші сотта балағат сөздер жазылған аудиожазбаны көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оқиға 8 наурыз алдында қызғаныш салдарынан болған.

 

Бойжеткен ер азаматпен қарым-қатынасы туралы айту үшін оның әйеліне телефон шалған. Алайда өзін-өзі ұстай алмай, әдепсіз сөздер айтты. Жәбірленуші телефон тұтқасын қойғанымен, бойжеткен бірнеше рет хабарласады. Осыдан соң әйел учаскелік инспекторды шақырған.

 

Жәбірленуші аудиожазбаны сақтап, сотқа ұсынған. Сот бойжеткенді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Пробация қызметінің есебіне алынып, әкімдікке қоғамдық жұмыстарды орындауға жіберілді. Ол енді күн сайын төрт сағат бойы аумақты тазартады.