ШҚО-да бір топ жігіт-қыздың төбелес видеоға түсіп қалды

24 шілде 2023, 14:22

ШҚО-да бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ  телеграм арнасына сілтеме жасап.

9 шілде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамдардың дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.

 

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды.

 

Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

 

ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz