Оқиға

ШҚО-да дәрігерлер шекарадан кедергісіз өтуге рұқсат беретін жалған анықтама сатқан

  • © CC0 / DarkoStojanovic

    © CC0 / DarkoStojanovic

Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке медициналық емхананың карантин кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз өтуі үшін жалған анықтама сатқан екі қызметкерін ұстады.

 

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шаралары барысында медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге үшін жалған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындыларын азаматтарға сатып отырған, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған.

 

"Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

 

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы (жалған құжаттарды,мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

 

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 2,8  миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31