Оқиға

ШҚО-да дастарханға кәуап жеуге келген аю демалушыларды шошытты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Риддерде демалушылар дайындаған кәуаптарын аюмен бөлісіп жеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалжың әрине, түз тағысымен дастархандас болуды олар ойламаған. Ойласа да жүректері дауаламас...


Демалыс орнының қожайынының айтуынша, бір топ жас демалу үшін үй жалдап, түн ортасында кәуап әзірлеген. Алайда, таңғы астары өздеріне емес, аюға бұйырыпты. Кәуап ұнаған болуы керек, қорбаңдаған аюды демалыс орнынан шығару қиынға соққан екен. Экзотикалық мәселені шешуге Громотуха қызметкерлері келген. Бірақ аюды қанша алыстатуға талпынса да, нәтиже шықпаған көрінеді.


Жыртқышты орманға қайтарудың екінші талпынысын Черныш аңшылық лайкасы жасаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолдануға қауқарсыз екендерін жеткізді.


– Әзірше аю ешкімнің өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Алайда, қандай да бір шара қолдануымыз тиіс. Өйткені, жақын арада менің иелігіме көршілес Сенигорьге балалар демалуға келеді. Демалыс орнына аю барса, өзіңіз ойлаңызшы, елестетудің өзі қорқынышты... – дейді Сергей Третьяков үрейленіп.


Риддерліктерді біраз әбігерге салған аю, сол кеткеннен әзірге ешкімнің көзіне түспеген екен. Кім біледі, бәлкім осы тойғаным жетер деп тағы ұйқыға кеткен шығар.



 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 20:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31