Оқиға

ШҚО-да жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысты. Сегіз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

 

Қоғамдық көлікте Шемониха ауданына жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған. Балалар мінген автобусты жол патрульдік полицясының көлігі бастап бара жатқан екен.

 

Болжам бойынша, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, жолға көлденең тұра қалған. Оған автобус келіп соғылады. Апаттан автобустағы 8 бала зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

 

Милана Хамитова, Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары:

 

- Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған, жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған. Қалғандарының жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп жоқ.

 

ktk.kz




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 08:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30