Оқиға

ШҚО-да жоғалып кеткен 12 жасар қыз басқа қаладан табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншек Риддер қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 маусым күні кешкі уақытта Глубокое ауданының тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалған. Ер адам өз сөзінде 2008 жылғы қызы Кнельц Марина Романовнаның жоғалып кеткенін жеткізді.

 

«18 маусымда жеткіншек Черемшанка ауылындағы үйден сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Полиция қызметкерлері мен волонтерлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қыз Риддер қаласынан табылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 12 жасар жеткіншектің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 18:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30