Оқиға

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

ШҚО полицейлері, құтқарушылары, еріктілер мен тұрғындар екі жасар баланы іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және қала тұрғындары 2 жасар баланы іздеу жұмыстарын түні бойы жүргізген.

 

Анасы кәмелетке толмаған ұлы Арсений Киселевтің жоғалғаны туралы айтып полицияға жүгінген. Анасының айтуынша, бала жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.

 

Полицейлер кішкентай Арсений аға-апайларымен бірге, сондай-ақ көрші көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтады, алайда Арсений біршама уақыттан кейін жоғалып кеткен.

 

Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келген.

 

 

Полиция қызметкерлері баланың өзен бойында ойнап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжамы болды. Бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Одан әрі баланың мәйітін полиция қызметкерлері өзен арнасын тінту барысында ықтимал құлау орнынан 1 км қашықтықта тапты, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

 

Қазіргі уақытта кеңейтілген ауқымды іздеу операциясы тоқтатылды.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 12:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31