Оқиға

ШҚО-да құдыққа құлап кеткен 3 жасар бала көз жұмды

  • © CC0 / freestocks-photos

    © CC0 / freestocks-photos

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое аудандық полиция бөліміне құдыққа құлаған 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабар түсті.

 

«Ойнап жүріп жер үйдің ауласынан алыстаған бүлдіршін абайсызда құдыққа түсіп кетті. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ол медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Осы ретте полиция қызметкерлері өңір жұртшылығына кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

 

 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 23:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31