Оқиға

ШҚО-да мұз жарылып, балықшылар көлігімен бірге суға түсіп кетті

  • https://chelyabinsk.bezformata.com/

    https://chelyabinsk.bezformata.com/

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мұз жарылуы салдарынан көлігімен бірге суға түсіп кеткен балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметтеріне қарағанда, 28 желтоқсанда «112» құтқару телефонына көліктері суға кеткен балықшылар көмек сұрап, қоңырау соққан.

Оқиға орнына Күшім ауданының жедел құтқару жасағының 9-бөлімшесі шықты. Құтқару станциясынан 20 шақырым жерде Күршім ауылдық округінің «Чонобай» учаскесінде құтқарушылар суға батқан көлікті байқап қалды. Балықшылар көліктен өздігінен шыққан, алайда малмандай су болған.

«Көлік тереңге батпапты, жағалауға жақын жерде екен. Құтқарушылар оны судан алып шығуға көмектесті. Шемонаиха ауданының 3 балықшысы Күршім ауылына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару станциясында олар жылынып, киімдерін кептіріп, түнеп шықты. Балықшыларға көлікпен мұзға шықпау туралы тағы да ескертеміз, оны жағада қалдырыңыз. Жолаушылар үшін қауіпсіз мұз 7 см болса, көлік үшін 20 см. Мұзға тек күндіз шығыңыз. Мұз арасындағы шөптер, арық, қалың қар басқан орындардан сақ болыңыз. Өзіңізбен бірге міндетті түрде ұялы телефон, қосымша киім алыңыз»,-делінген хабарламада.

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.12.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29