Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-да ормандағы өртпен күрес жалғасуда

06 шілде 2023, 09:58

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы орман өртінің беті қайтпай жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерде шөп пен бұта өртенген. Тілсіз жаумен күрес әлі жалғасуда. Жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

 

«Өртті сөндіруге қалың шөп, тау мен жартасты жерлер қиындық келтіруде. Осындай жағдайда отты ауыздықтауға тікұшақтың көмегі зор. Ең әуелі «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің МИ-2 тікұшағымен өрт болған жерге аэровизуалды тексеру жүргізілді», - делінген ақпаратта.

 

«Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 тікұшақтары су төгетін құрылғылармен өртті сөндіруде. Осы уақытқа дейін барлығы 120 рет су төгілді.

 

Айта кетейік, жалпы қызыл жалынмен күреске орманшылардан, өрт сөндірушілерден және жергілікті атқарушы органдардан 250-ден астам адам, 35 техника және 5 тікұшақ жұмылдырылған.