ШҚО-да пойыз рельстен шығып кетіп, вагондар Ертіске құлаған

04 сәуір 2022, 17:35

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында рельстен шығып кеткен жүк пойызының видеосы пайда болды. Төтенше жағдайдың мән-жайын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Өскемен - Күмістау. 11 вагон жерде, 6 вагон Ертісте жатыр", - делінген желіде жарияланған видеоның жазбасында.

 

Бұл видеоға қатысты пікір білдірген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның мәліметінше, 3 сәуір күні сағат 12:04-те Өскемен- Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген.

 

"Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

 

Сонымен қатар ҚТЖ бұл жайттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі болмағанын айта кетті.

 

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Одан бөлек болған жағдайдың себеп-салдарын анықтау үшін комиссия құрылған.

 

<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/p/Cb5TNrJPYXy/embed/?cr=1&amp;v=13&amp;wp=594&amp;rd=https%3A%2F%2Fkaz.nur.kz&amp;rp=%2Fsociety%2F1963332-vagondar-ertis-ozenine-qulagan-sqo-da-zuk-poiyzy-relsten-sygyp-ketti-video%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A2614.8000000002794%2C%22ls%22%3A2533.9000000003725%2C%22le%22%3A2608.3000000002794%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="880" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" style="background: white; max-width: 540px; width: calc(100% - 2px); border-radius: 3px; border: 1px solid rgb(219, 219, 219); box-shadow: none; display: block; margin: 0px 0px 12px; min-width: 326px; padding: 0px;"></iframe>