ШҚО-да студент пен оқушы қыз қайтыс болды - полиция суицид нұсқасын тексеріп жатыр

03 мамыр 2023, 09:03

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мұны облыстық білім басқармасы растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

YK-news.kz хабарлауынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.

 

"Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды", - деді ол.