Оқиға

ШҚО-дағы шенеуніктер шуы: Бұл жолы Әділет департаментіндегі бөлім басшысы әріптесін соққыға жықты

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Шығыс Қазақстанда Әділет департаментіндегі бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды Qazaqstan Ұлттық арнасы.

 

Әріптесіне қол көтерген басшы әділет департаментіндегі тәртіптік комиссияның төрағасы екен. Жұмыс барысында сөзге кеп қалған 34 жастағы мемлекеттік қызметкер жасы 50-ден асқан инспекторды ұрып жіберген. Зардап шегуші полиция мен мемлекеттік қызмет істер агенттігіне арыз жазып, өзіне қол көтерген әріптесін жазаға тартуды талап етуде. Ал жұмыс кезінде дөрекілік танытқан бөлім басшысы дереу бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығып кеткен. Жұмыста жүріп соққыға жығылған инспектор соттасуға да дайын.

 

- Дауысын қатты көтеріп, менің беделімді түсіріп, Сіз осылай істедіңіз деп маған, мен бәрін дәлелдеп айтайын деп едім, бұл кісі тыңдамай, жұмыс үстелді айналып, мұрнымнан соқты. Қатты соқты, қан аққан жоқ, бірақ танауым ісіп кетті, - дейді облыстық Әділет департаментінің инспекторы Жанат Қадырбеков.

 

Айта кетейік, бұған дейін екі рет бірдей оғаш қылықтарымен көзге түсіп, мәдениетсіздік т анытқан Мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметінен кетті.

 

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31