Мас күйдегі жүргізушіні көліктен дер кезінде шығарып үлгерді.
Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына отқа оранған көліктің видеосын жолдады.
Оның айтуынша, түнгі сағат 02:00 шамасында Қостанайдағы "Юбилейный" шағын ауданында көлік өртеніп, ішінен мас ер адам шығарылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды ауыздықтады.