Оқиға

Шөкеев Түркістан облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев екі ауылды су басуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Кеше 1 мамырда Өзбекстанда бөгет жарылып кетті. Бізде Мақтарал ауданында ТЖ режимі жарияланды. Мен Өзбекстан министрімен байланысқа шықтым, ол су ағыны тоқтағанын хабарлады.

 

Түні бойы 5400 адамды эвакуацияладық. Олардың кейбіреуі туысқандарына барды, қалғандары Атакент ауылының мектебіне орналастырылды. Олар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіледі.

 

Қазір біз су басқан жерлерді қайта тексеріп жатырмыз. Полиция жергілікті жерлерде жұмыс істейді және ауыл тұрғындарының мүлкін қорғайды.

 

Тұрғындарға айтарым, үрейленудің және жолға шығудың қажеті жоқ. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Тиісті әрекет алгоритмі бар", - деді облыс әкімі.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31