Оқиға

Шорнақ ауылының маңында басқа өңірлерден келген 80 адам ұсталған

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Түркістан облысы Шорнақ ауылының маңында 80-нен астам жас ұсталды. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Жас жігіттер ауылға басқа өңірлерден жиналған.

 

"Өткен түні құқық қорғау органдары Шорнақ ауылының маңынан басқа аудандар мен өңірлерден келген 80-нен астам жасты ұстады. Олар мессенджер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған үндеулерге еріп келген", - деп жазды Қалқаманов фейсбукте.

 

Айтуынша, ол Кентау әкімімен бірге түні бойы елді мекенді аралап шыққан. Тұрғындар үйлерінде тыныш ұйықтап жатты, деп толықтырды әкім орынбасары.

 

Шорнақтағы тәртіпсіздік

 

21 шілдеге қараған түні Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырған.

 

Тәртіпсіздікті оқиға орнына бірінші болып келген учаскелік инспектор тоқтатқан.

 

Оқиға салдарынан 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 адам ұсталды.

 

Бұзақылық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Кейін ішкі істер министрі елді мекенде жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

 

ІІМ арандатушылар Шорнақтағы оқиғаны пайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқанын хабарлады.

 

Көп ұзамай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.

 

Президент ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды.


 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30