Оқиға

Шұңқырда өлген балаға қатысты іс тоқтатылды

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Жұлдыз ықшамауданында септикке түсіп мерт болған сәбидің өліміне қатысты қозғалған іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылды.

 

Естеріңізге салсақ, бұл оқиға 20 мамырда қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында болды. Жоғалып кеткен бір жарым жасар баланы полиция мен еріктілер екі тәуліктей іздеді. 22 мамырда сәби өз үйінің ауласында қолданылмай тұрған кәріз септигінен өлі табылды.

 

«АЖ»ға Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 2018 жылғы кәмелетке толмаған А.А. бату нәтижесінде механикалық тұншығу салдарынан көз жұмған.  Оның денесінен дене жарақаттары табылмады. 

 

19 шілдеде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан баланың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Полиция департаменті сараптама қорытындысының карантин салдарынан осыншама ұзақ дайындалғанын атап өтті. 

 

azh.kz

 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30