Оқиға

Шығыс Қазақстанда 8 жасар қыз көлге батып кетті

  • https://www.rbc.ua/

    https://www.rbc.ua/

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

 

Департаменттің мәліметінше, кеше Ұлан ауданының тұрғыны баласының Дубығалы көлінде жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған.

 

Таврическое ауылының құтқарушылары бірден баланы іздеуге кірісті. Олар көлдің айналасын, жағалауын, тау-тасты түгел аралап, баланы іздеді. Содан кейін Өскемен құтқару жасағының сүңгуірлері су астынан қарай бастады.

 

«2012 жылы туған қыз баланың денесі жағалаудан 5 метр жерде үш метр тереңдікте жатыр екен. Қайғылы оқиғаға баланың қараусыз қалып қоюы себеп болған. Бұл мәселені аймақ құтқарушылары үнемі айтып, ата-аналарға ескертіп келеді. Биыл өңірде баланың суға кетуі бірінші рет тіркеліп отыр» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

 

Құтқарушылар ата-аналарға жағалауда демалған кезде барынша абай болып, баласын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31