Оқиға

Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, үй өртенді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Глубокое ауданында саяжайдың төбесіне жай түсіп, өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Оқыс оқиға «Яблонька» саяжай алабындағы Кожохов ауылында болды. Көршілері саяжайдың төбесіне жай түскенін көрген. Абырой болғанда, үйдің ішінде ешкім болмаған.


Оқиға орнына алдымен №23 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жетті.


«Мансард типіндегі үйдің төбесі жанғыш материалдармен қапталғандықтан, жалын жылдам тараған. Біздің міндетіміз өрттің жан-жаққа тарауына жол бермеу еді. 45 минуттың ішінде өрт сөндірілді, бірақ үйдің төбесі толып жанып кеткен еді», - дейді №23 Өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Аслан Ыбыраев.


№23 бөлімшеге көмектесуге Жоғарғы Березовка кентіндегі №37 бөлімшенің қызметкерлері келді.


Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 14:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31