Оқиға

Шымбұлақтағы қара түтін алматылықтардың үрейін ұшырды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда электр қуаты сөнгеннен кейін "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында қара түтін пайда болды. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Бейнероликті (www.instagram.com/p/Bz7ts3UA9j-/) Instagram желісіндегі krisha.kz парақшасының оқырманы жолдапты.


"Шымбұлақ" МТК анықтамалық қызметінде өрт туралы кез келген қауесетті жоққа шығарды.


Олар "Шымбұлақта" қосымша қорек көзі бар болғандықтан арқан жолы штатты режимде жұмыс істегенін айтып, түсіндірді.


Түтіннің пайда болуына дизельді генератордың жұмысы себеп болған екен.


"Кез келген дизельді қозғалтқыш секілді ол да іске қосылғанда түтін шығарады. Онда тек арқан жолды айналдыратын үлкен қозғалтқыш бар. Ештеңе болған жоқ.

Біз қозғалтқышты іске қостық, ол барлығын қауіпсіз режимде түсірді", - деді "Chimbulak Development" ЖШС коммерциялық директоры Владислав Семенов Tengrinews.kz порталына.


 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 22:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31