Оқиға

Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан екі адам түсірілді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған екі ер азаматты әуе рейсінен түсірді.

 

12 қыркүйек күні сағат 23:55-те Шымкент қалалық әуежайының Желілік полиция бөлімшесіне «Fly Arystan» әуекомпаниясының өкілінен Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстің салонында құқыбұзушылардың бар екендігі туралы хабарлама түскен.

 

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Көлік полицейлері тексеру барысында орын үшін туған жанжал кезінде өздерін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан 34 және 40 жастағы екі азаматты анықтады.

 

Акт бойынша екі құқықбұзушы ұшақтан түсірілді. Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің екі бірдей бабымен, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚБтК-тің 566 бабымен, яғни ұшақта мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

Ұсақ бұзақылық бойынша материал Шымкент қалалық мамандырылған ауданаралық сотына жолданды.

 

Еске сала кетейік, жыл басынан бері түрлі құқықбұзушылықтармен 30 000-нан аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

24.kz




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31