Оқиға

Шымкент-Алматы әуе-рейсінде оқыс оқиға болды

  • Сурет: inform.kz

    Сурет: inform.kz

9 шілдеде "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент-Алматы бағыты бойынша KS 972 ұшағы көкке көтерілген соң оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Аяла Қонақбаева KS 972 рейсінің жолаушысы болған. Оның айтуынша, бала лейкемияға шалдыққан, оған жұлын трансплантациясы жасалған.

 

Олар емделу үшін сапарға шыққан көрінеді. Ұшақ көтерілгеннен кейін 10 минуттай уақыт өткен соң бала тыпырлап, тұншыға бастаған. Стюардесса оған оттегі маскасын кигізіп, тыныштандыруға тырысты. Содан мен: "Жігіттер, оның қолдары көгеріп барады, оның қан қысымын өлшеп, кері оралу керек" дедім.

 

"Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі zakon.kz редакциясына берген түсініктемесінде баланың ұшу кезінде өзін жаман сезінгенін айтты. Экипаж оны оттегі баллонына қосқан, бала онымен 30 минут бойына тыныстаған. Ұшақ төмендегенде жолаушы есінен танып қалған. Экипаж оған әуе кемесі қонғанға дейін және қонғаннан соң жүрек-өкпе реанимациясын жасады және дефибриллятор қолданды.

 

Әуежайда баланы дәрігерлерге тапсырды, бірақ, өкінішке орай, оны құтқару мүмкін болмады. "Эйр Астана" бүлдіршіннің отбасы мен достарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.




Көрілген: 1017    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 21:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30