Шымкентте 23 жастағы таксист жігіт асылған күйде табылды

25 шілде 2022, 19:44

Шымкентте қала шетіндегі қараусыз қалған ғимараттан такси жүргізушісі болып, нәпақа тауып жүрген жас жігіттің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Полицейлерге жас жігіттің жіпке асылып, қайтыс болғаны туралы хабарлама 21 шілдеде келіп түскен.

 

Жұмбақ жағдайда көз жұмған таксишінің өліміне қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 105-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда, — деді қалалық Полиция департаментіндегілер.