Оқиға

Шымкентте 30 жастағы әйел екі жасар баласымен бірге жоғалып кетті

  • https://bk55.ru/

    https://bk55.ru/

Шымкенттің полицейлері 30 жастағы әйел мен 2 жасар ер баланы іздеп жатыр. Бұл туралы қалаллық полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

 

13 маусым күні Қаратау аудандық полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы Айжан Зилаева мен 2 жасар немересінің үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

 

Әйелдің 2 топтағы мүгедек екенін атап өтілді. Келіншек психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Бұған дейін ол үйден бірнеше мәрте кетіп қалып, қайта келген екен.

 

Жоғалғандарды іздеуге Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

 

Олардың фотосы әлеуметтік желілерде жарияланған.

 

Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғыны мен бүлдіршіннің қайда екенін білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31