Оқиға

Шымкентте 4 айлық сәби шеге жұтып қойған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкент қаласының дәрігерлері шеге жұтып қойған 4 айлық сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шеге жұтып қойған баланың ата-анасы алғашқыда баласының буын ауруы бойынша Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына алып келген. Ондағы ортопед мамандар ұршықтың рентгені жасалған кезінде асқазан ішек жолындағы темір затты кездейсоқ анықтаған. Сөйтіп, балаға ішек жолының тесілу қаупі төнгеннен кейін шұғыл түрде ота жасаған.


«Операция кезінде хирургтар лапароскопиялық тәсілмен және электронды оптикалық рентген аппаратымен шегенің орналасқан аумағын айқындап, асқазан тұсындағы бөгде затты хирургиялық жолмен алып шыққан. Күрделі отаны Шымкент қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері Сұлтанғали Сарыбай мен Жақсылық Амантаев және Асанбай Құрманалиевтер жасаған. Жабық түрде жасалған отадан кейін баланың жағдайы жақсарып, ауруханада бір аптаға жуық ем қабылдап шықты» делінген хабарламада.


Сәбидің туыстары бала шегені ойнап жүріп ауызына салып жіберген болуы мүмкін деп отыр. Бірақ бұл жағдайды олар бірден байқамаған.


 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 15:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31