Оқиға

Шымкентте 5 жасар қыз баланы автобус басып кетті

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Шымкентте бес жастағы қыз баланы автобус астына түсіп жан тапсырды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды тіпті байқамаған да көрінеді. Бүлдіршін жол үстінде не істеп жүр, жанында ересек адам болмағаны ма?

 

Жол көлік оқиғасы кеше дәл осы жерде болған. Бұл түскі бірлер шамасындағы уақыт.

 

Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында соңғы сәтте жан жағына жалтақтап тұрған екен.

 

Бұл видеоны әкесі түсірген. Оның айтуынша, қызын автобус қаққан күйі он метрдей сүйреп кетіпті.

 

Оқиғаның куәгерлері жүргізуші оны мүлдем байқамағанын айтады. Тек сырттағы халық шулап айқайлағасын ғана тоқтапты.  

 

Мадина АКБАРАЛИЕВА, КУӘГЕР:

 

- Негізінде қыз уже астында қалған кезде бәрі шулады. Астыңа қара астыңа қара деп автобусқа. Ал ол рульдегі құлағында наушнигімен «не болды, не болды?» деді. –жүргізуші?-иә, жүргізуші, түсіп иә неге неге не деп жатсыңдар деп халыққа.

 

Әмина ТҰРҒАНБАЕВА, КУӘГЕР:

 

- Ол тамақ келе жатыр еді. Құлағында по-моему наушник..оны көрмедім, бірақ тамақ жеп келе жатқанын көрдім. Кондуктор екеуі алдында тұрып. Сөйтіп автобус бұрылам деді ма короче бұрдыма бірдеме қылды, сонымен ана баллонына қарай сүйреп кетті ғой. Арғы шеттегі таксилер тоқта-тоқта демесе анау басына дейін сүйреп, дымы қалмайтын еді ол қыздың ше.

 

Куәгерлер сол сәтте бүлдіршіннің жалғыз болғанын, ол дүкенге кіріп сағыз алғасын базар жаққа қарай бет алғанын баяндады. Әкесі кенжесін кеше жер қойнына тапсырғандарын айтты. Ол қызым базарға менің жұмысыма келе жатты ау деп топшылайды.

 

Мургумшах НАБИЕВ, ӘКЕСІ:

 

- Молдағұлов көшесінде кішкентай қызды қағып кетті дегенді естіп жүгіріп келсем өз қызым. Автобус баллоны езіп жіберіпті. Ішек-қарны ақтарылып жатыр. Мен келер алдын тірі болған екен. Жүргізуші қайда қарады?!!

 

147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Алайда бағытқа жауаптылардан қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Ал жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.

 

Наурыз СҮГІРӘЛИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

- Егер жүргізушінің кінәсі анықталып жатса келісім шартты бұзу мәселесі қаралатын болады. ол тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес. Сонымен қатар барлық көлік компаниялырына ескертулер жасалды.

 

Қазір бұл жәйтпен полиция айналысып жатыр. 1979 жыл туған автобус жүргізушісі қамауда отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 23:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31