Оқиға

Шымкентте 6 қызды қағып кеткен Мұз сарайының медбикесі болып шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте 6 қызды қағып кеткен Мұз сарайының медицина қызметкері болып шықты. Бұл туралы Шымкент қалалық қысқы спорт түрінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Бақытжан Зиябеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бақытжан Зиябековтың айтуынша, Мұз сарайына дайындыққа келген алты қыз жаттықтырушысымен сөйлесіп тұрған. Осы кезде автотұрақта тұрған көлік жылжып кетіп, бұларды қағып кеткен. Балаларды көлік қаққан уақытта ата-анасы да қасында болған.


«Рөльде болған келіншек спорт мектебінде медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Ол машинаға отырып, қозғалтқышты іске қосқанда механикалық басқаруда қалып қойған темір тұлпар бірден жылжып кеткен. Балаларды байқамай қалған», - деді Бақытжан Зиябеков.


Жарақат алған 4 қыз қалалық балалар ауруханасының жарақат бекетіне жедел жәрдеммен жеткізілген. Жарақат бөліміндегі дәрігерлер жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды амбулаториялық жағдайда ем алу үшін емханаға жіберген.


Ал, ауыр жарақаттанған 6 және 11 жасар қыздар Түркістан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін дәрігерлер оларды палатаға ауыстырды.


Жол апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайын білу үшін бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная арнайы барды. Олар емдеуші дәрігерлермен балалардың ем-домын талқылады.


Еске салайық, жол-көлік оқиғасы кеше күндізгі сағат 15.30 шамасында болған. Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасына толмаған 6 баланы қағып кетіп, салдарынан ауыр соққы алған екі жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Ал, қалған 4 бала үйіне қайтарылған. Қалалық ПД осы оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалғанын, аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгенін хабарлады.



 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 17:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30