Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды

06 тамыз 2022, 22:55

Оқыс оқиға 6 тамызда орын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайсыз жайт туралы хабарлама "103" шұғыл байланыс желісіне сағат 9:25-те келіп түсті.

 

Тоғыз жасар бала көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген. Анасының айтуынша, бала электрмен жабдықтау қондырғысының қақпағын ашып, ток соғып, есінен танып қалған.

 

-Балаға "бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр" деген диагноз қойылды. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Шымкент қаласы ТЖД-ның Қоғаммен байланыс тобы.