Шымкентте бассейнге құлап кеткен үш жасар бала комаға түсіп қалды

25 шілде 2022, 11:20

23 шілде күні кешке Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала каркас бассейнге құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Қызылжар тұрғын алабында болған.

 

Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін балаларға арналған каркас бассейніне құлап кеткен. Бассейннің тереңдігі 1,4 метр. Бала ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Ми ісінген. Бірінші дәрежелі кома) деп хабарлады Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар 24 шілдеде тағы бір келеңсіз оқиға орын алды.

 

Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:

 

– 24 шілдеге қараған түні «Самал-3» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром).