Шымкентте базар қоймасы өртенді
Шымкентте қосалқы бөлшектер сататын базар қоймасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен.
«Абай ауданы, Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-і автобөлшектер базарының аумағында орналасқан қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр автобөлшектер мен аксесуарлар жанды.
Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Бірақ әлі толық сөндірілген жоқ» делінген хабарламада.
Кейіннен хабарлағандай, базардан шыққан өрт сағат 01:23-те толық сөндірілді.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.