Шымкентте бөксемен билеген қыздарды полиция іздеп жатыр (видео)

28 қыркүйек 2021, 23:45

Әлеуметтік желілерде бойжеткендер биінің видеосы тарап кетті. Желі белсендісі Олжас Мамырдың айтуынша, бұл Шымкенттегі Бәйдібек би алаңында түсірілген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Facebook қолданушысы Олжас Мамыр өз парақшасында бойжеткендердің видеосымен бөлісті. Онда белгісіз қыздың көліктің үстіне шығып билеп отырған сәтін көруге болады. Ал екінші видеода екі бойжеткен бірінен-бірі қалмай жарыса билейді.

 

"Шымкент жастарынан бір би болсын. Ол биді билеп жатқан өзіміздің қара көз қарындастарымыз. Дәл осыларға не деуге болады?... Бұл интернеттегі жастардың "трендпен" жарысы ковидтан жаман. Біреуі бір көкірегін көрсетсе, екіншісі екеуін көрсетіп түседі" деп жазды желі қолданушысы.

 

 

Видеодағы бойжеткендер көптеген желі қолданушыларының ашуын тудырды.

 

 

Олжас Мамырдың айтуынша, бұл батл секілді жарыстың Шымкентте өткізіліп жатқанына санаулы күндер болыпты. Түнгі сағат 12-лер шамасында көліктермен жиналатын жастар осылайша сауық құратын көрінеді.

 

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер видеоның Шымкентте түсірілген не түсірілмегенін әлі нақты айта алмаймыз деп отыр. Бұл бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр екен.