Оқиға

Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте құрылыс алаңында екі жұмысшының қайтыс болуына орай ҚК 156 бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Баспасөз мәслихатына қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен ТЖД басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев, Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен еңбек испекциясының басшысы және мердігер компания өкілдері қатысты.


Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, қазір үйінді астында қалып аман қалған жүргізушінің жағдайы қалыпты. Тиісті медициналық емдеу шаралары жүргізілуде.


"Оқиғаның алдын ала болжамды себебі: құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан қауіпсіздік техникасы жəне құрылысты жүргізу технологиясы сақталмаған", делінген әкімдік таратқан мәліметте.


Еске салайық, кеше түнде Шымкенттегі құрылыс алаңдарының бірінде үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы қаза тапқан болатын. Тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кетіп, салдарынан шұңқырды қазып тегістеп жатқан үш техника жүргізушілері үйіндінің астында қалған еді. Бес сағатқа созылған құтқару жұмыстары кезінде бір техника сыртқа шығарылып, жүргізушісі аман қалды. Ал, үйінді астында қалған екі техниканың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 14:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31