Шымкентте ер адам көпқабатты үйде лифт орнатып жатқанда қайтыс болды

27 қазан 2020, 09:14

Шымкентте жұмысшы лифт орнатып жатқанда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телерна мәліметінше, 26 жастағы қызметкер он бірінші қабаттан лифтінің шахтасына құлаған. Жарақат салдарынан дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Оның қалай қайтыс болғанын полицейлер мен мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтап жатыр. Мамандар жұмыс ережесін бұзғаннан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Жексенбіде жұмысқа шыққаны заңды ма, оны да анықтаймыз. Жағдайды жан-жақтан қараймыз. Соңғы қорытынды шыққаннан кейін тиісті шара қабылдаймыз. Материалдар полицияға беріледі", - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Бауыржан Қалжанов.