Шымкентте фонтанға шомылған 10 жасар бала көз жұмды

25 шілде 2023, 12:40

Шымкентте субұрқақта шомылған 10 жасар бала мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды.

 

Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен.

 

«Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

 

Жалпы Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген.

 

Ал қала аумағында жалпы 32 фонтан бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz