Оқиға

Шымкентте жоғалған үш жасар қыз бала дін аман табылды (фото, видео)

  • Фото: Шымкент қаласы полиция департаменті

    Фото: Шымкент қаласы полиция департаменті

Шымкенттік полицейлер 2 мамыр күні үйінен ойнауға шығып, жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы тауып, ата-анасына табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Құзырлы органның мәліметінше, 2 мамыр күні әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын қызының табылмай жатқанын айтып, арызданған.

 

Анасының айтуынша, түскі сағат 13.00 шамасында үш жасар қызы ойнауға шығып, жоғалып кеткен.

 

"Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қаладағы барлық ауданның полиция басқармаларына қыз баланы табу жөнінде тапсырма берді. Іздеу шараларына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды", - дейді ведомстводан.

 

3 жасар бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері қатысқан. Олар аулаларды тескеріп, тұрғындардан сұрастырған.

 

Іздеу жұмыстарына сондай-ақ, кинология қызметінің иттері де жұмылдырылған.

 

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде сағат 22:10-да патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кішкентай қызды "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден тауып, ата-анасына табыстады. Өз кезегінде қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғыс айтты", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, үш жасар Мариям Елтайдың ата-анасы Шымкенттің Жоғарғы Отырар шағынауданында тұрады.

 

Осыған дейін әлеуметтік желіде кішкентай қызды тапқан адамға сүйіншісіне 10 миллион теңге беретіні туралы ақпарат та тараған болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 1934    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30