Оқиға

Шымкентте жүктілігіне 28 апта болған әйелдің ішінен бір уыс құрт шықты

  • https://kokshetau.asia/

    https://kokshetau.asia/

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында өткен ота кезінде мамандар тәуекелге барғандарын жасырмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күрделі ота клиникалық аурухананың хирургі Сәбит Байтеміровтің жетекшілігімен жасалған. Хирургтер 28 апталық жүктіліктегі әйелдің ішінен бір уыс құртты алып тастады. Күрделі ота үш сағаттан астам уақытқа созылған.

 

Мамандардың айтуынша, шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен. Оның жарылып кету қаупі жоғары болған. Бірақ, сәтті жасалған операцияның арқасында қауіптің алды алынып, ана мен бала аман қалды.

 

Айта кетейік, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда, елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, жас ана Шымкентте қалып қойды.

 

Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және жүктілігі асқынусыз өтуде деп отыр.

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31