Оқиға

Шымкентте жыланмен селфи жасамақ болған жеткіншек ауруханаға түсті

  • Көрнекі фото: kompravda.eu

    Көрнекі фото: kompravda.eu

Шымкенттік гипербариялық оттектеу бөліміне жаз басынан бері улы жәндіктер мен жорғалаушылардан жапа шеккен тоғыз науқас түсіпті. Солардың бірі 16 жастағы жасөспірім. Ол жыланмен суретке түсемін деп ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Азат бауырымен жорғалаушыны тауда кездестірген.


"Қолымда фотоаппарат болған. Оны суретке түсірмек болып, мойныма салдым, сол кезде ол мені қолымнан шағып алды. Енді міне, ауруханада жатырмын", - дейді Азат.


Одан басқа ауруханада қарақұрт шаққан алты адам және жыланнан зардап шеккен үш адам жатыр. Осы орайда мамандар аяқ-кимге мән беру керектігін айтады.


"Көкке шыққан кезде жабық аяқ киім киген дұрыс", - дейді токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Биыл маусым айының басынан бері құтқару қызметіне тұрғында 26 мәрте жүгінген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жоғары екен. 




Көрілген: 1009    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 23:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31