Оқиға

Шымкентте оқушы қыз әкесінің сыйлығымен сыныптастары мен мұғалімді улап тастады

  • Шымкентте оқушы қыз әкесінің сыйлығымен сыныптастары мен мұғалімді улап тастады

    Шымкентте оқушы қыз әкесінің сыйлығымен сыныптастары мен мұғалімді улап тастады

Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушыны ауруханаға жеткізді

Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды. Оқиға №55 мектептің дәлізінде болған, деп хабарлады КТК.

9-сыныпта оқитын қыз әкесі сыйлаған газ баллонын сыныптастарына сынап көрмек болыпты.

"Қорғану мақсатында әкесі алып берген газ баллонын үзіліс кезінде шашып көрген. Оқуға кедергі болған жоқ, сабақ өз уақытында өтіп жатыр", - деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмахамбет Әбдіразақов.

Десе де газдың кесірінен жеті оқушы мен бір мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушыны ауруханаға жеткізді. Олар дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілген.

Ал құрбы-құрдастарын газ баллонымен тұншықтырған қыздың ата-анасы мен мектеп басшылығы енді тиісті органдарда түсініктеме жазып жатыр.

"Жақын жерден шашқанда көздің, мұрынның, жоғары тыныс алу жолдарының сілекейі қабынып, асқынуы мүмкін. Бірақ ол адамға өте қауіпті деп айта алмаймын", - деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов.

sputnik.kz




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31