Оқиға

Шымкентте ірі кәсіпкер тұтқындалды: наразы жұртты арнайы жасақ бақылауға алды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алтынтөбе ауылында ұсталған 40 шақты адамға қандай жаза қолданғаны белгісіз. Шымкент түбіндегі ауыл тұрғындары жолды жаппақшы болғаны үшін ұсталған. Жиналған жұрт алтын бұйымдарды өндіретін кәсіпорынның жабылуына қарсы шыққан.

 

Жұма күні арнайы жасақ кәсіпорынға баса-көктеп кіріп басшысын тұтқындаған. Содан бері не жұмыс, не басшылардан хабар жоқ деген тұрғындар наразылыққа шыққан болатын.

 

Шымкент түбіндегі Алтынтөбе ауылында үш күннен бері тыныштық жоқ. Полицейлер мен арнайы жасақ көшені бақылауға алған.

Дәл осы ауылдағы алтын шығаратын цехқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы басып кіріп басшыларын тұтқындаған. Цех ішіндегі алтынды да түгел алып кетіпті.

 

Гүлшат Бейсенова, Шымкент қаласының тұрғыны:

 

- Осыншама халықты жұмыссыз қалдырмассыз деп ойлаймын. Халық жұмыссыз қалды, несиелері, бала-шағасы бар. Автоматтарымен басып кірді. Кешке таман жұмысқа жиналып едік, бізді де итеріп, соғып, жолатпай қойды. Тіпті ішке басшысын да кіргізбейді.

 

Үш жыл бұрын іске қосылған алтын бұйымдарды өндіретін цехта осы ауылдың 100-ден астам тұрғыны жұмыс істейді. Жұмадан бастап жабық тұрған кәсіпорынға айналдыра қарулы жасақ қойылған. Содан бері үйден шықсақ, полицейлер айыппұл салып көшеге шығу мұң болды дейді тұрғындар.

 

Асан Ибрашев, Шымкент қаласының тұрғыны:

 

- Бұл – тонау. Үш күн болды, халық далаға шыға алмай қалды. Әр үйдің есігінің алдына жасақ қойып қойған. Бүгін жексенбі, еш мүмкіндік жоқ, не түсіндірмейді.

 

Тұрғындар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап еткенімен, басшы түгілі орынбасарлары да төбе көрсетпеді.

 

Ал үш күннен бері осында жүрмін деген Абай ауданының басшысы мардымды мәлімет бере алмады.

 

Бұхарбай Парманов, Абай ауданы әкімі:

 

- Бұл жерде жерасты байлықтарымен  алтын, кен әкеліп, алтын өнімдерін шығарып жатыр деген мәлімет бар. Қаншалықты заң жүзінде істелініп жатқаны белгісіз.

 

Алтын шығаратын цехтың ашылуын талап еткен жұмысшылар жолды жаппақшы болған. Бірақ темірдей тартылған тәртіп сақшылары 50-ден астам адамды тырп еткізбеді. Тіпті полицейлер кемпір-шалға да қарамай, барлығын басып алып кетті. Осылайша бір сәтте ауыл іші азан-қазан болды, полицейлер қарттарға да қол көтеріпті.

 

 - Бізді ұрды.

 

- Қан қысымым көтерілді, шығар десем, шығармай. Қыздарды, балаларды сүйретіп әкетіп жатыр.

 

- Қоршаудан шыға алмай тұрсыздар ма?

 

- Жібермейді. Келіндерді әкетті, үйде кішкентай балалары қалды.

 

Сұхбат беріп тұрған бұл екі әжейді де зіңгіттей жігіттер қолтықтап сүйреп әкетті.

 

Бірақ Алтынтөбе ауылында ұсталған 40 шақты азаматтың қандай жауапқа тартылғаны белгісіз. Өйткені полиция да, Ұлттық қауіпсіздік қомитеті де бұл туралы мәлімет беруден бас тартып отыр.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 09:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31