Оқиға

Шымкентте табылған мәйіттің кім екені анықталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шымкентте канализациялық құдықтан табылған мәйіттің тұлғасы анықталды. Жаңалықтар қызметінің ақпаратынан кейін Ресейлік Алина есімді бойжеткен Еуразия бірінші арнасына хабарласып, марқұмның туған анасы екенін айтты. Оның сөзінше, кезінде шешесі Ресейден Қазақстанға депортацияланып, Шымкентте тұрып жатқан екен. Соңғы 1,5 жыл бойы хабарсыз кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

 

"Теріскей" шағын ауданындағы канализациялық құдықтан белгісіз әйел адамның мәйіті табылған еді. Мүрдені әлдекімдер көрпешеге орап, жасырып кеткен. Оны полицейлер тауып, марқұмның туыстарын іздестірді.

 

Суретке қарағанда, әйелдің үстінде тек жеңіл киімдері ғана болған. Бірнеше уақыт жатып қалғандықтан, тек, қаңқалары ғана қалыпты.

 

Алина:

 

- Ол шамамен бір жарым жыл бұрын жоғалып кетті. Әлеуметтік желіде белсенді болатын. Аяқ астынан хабарсыз кеткендіктен, біз іздей бастадық. Қазақстандағы туыстарымызға хабарластық. Анамның құрбылары полицияға шағым жазды. Бірақ, құқық қорғау органы жақын туысы болмағандықтан, арызды қабылдамаған. Тек, жаңалықтардан естігенде талып қала жаздадық.

 

Бізге телефон арқылы хабарласқан бойжеткеннің есімі &ndash Алина. Марқұмның қызы екен. Айтуынша, анасы Қазақстандық көрінеді. Ресейде босаныпты. Бірақ, перзенті 11-ге толған сәтте қылмыс жасап сотталған. Жазасын Қазақстанда өтеу үшін депортацияланған. Соңғы рет анасын сол уақытта көріпті. Содан бері 8 жыл өткен.

 

Алина:

 

- Сот процесінде судья анамды аналық құқығынан айырды. Маған құжат рәсімдеп, Ресей азаматтығын беру жөнінде шешім шығарды. Сөйтіп мен осында, анам Қазақстанға кетті.

 

Бастапқыда екеуі байланысқа жиі шығып тұрған екен. Анам жүрген-тұрғанының барлығын әлеуметтік желіге салып, белсенді болды дейді. Шымкентте бір жігітпен пәтер жалдап тұрыпты. Қазір, осы деректі полиция анықтап жатыр.

 

Алинаның анасының жанында бірге пәтер жалдап тұрған жігіт жайында тәртіп сақшылары тіс жарып ештеме айтпады. Бойжеткеннің сөзінше, күдікті тіпті, өз қылмысын мойындаған көрінеді. Ол үйге кірген сәтте анасының денесін тапқан. Сөйтіп, қорықанынан көрпешеге орап, канализациялық құдыққа тастап кеткен көрінеді.




Көрілген: 1659    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31