Оқиға

Шымкентте түсірілген даулы видео: Құрылыс басындағы қызыл мата Қытай туы ма (видео)

  • Видео кадрлары

    Видео кадрлары

Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Facebook желісінде Шымкентте Қытай туы ілінді деген атаумен видеоролик жарияланған. Кадр сыртындағы дауыс салынып жатқан үйдің төбесінде Қытай туы ілінді дейді.


"Тойхана "Екі жұлдыз", "Ұлытау", қарсы жақта "Шымкент Sity" құрылысы жүріп жатыр. Қазақ жерінде Қытай туы желбіреп тұр. Сіздер қазақ туын Қытайға барып іліп көріңіздер", - дейді кадр сыртындағы дауыс.


Оқырмандардың кейбірі оған қатысты "Қандай мақсатпен қойды екен жалауын", "Алып тастау керек" деп пікір қалдырған.



Алайда артынша сол құрылысты салып жатқандар бұл видеоға жауап ретінде ролик түсіріп, жариялаған.


Құрылыспен айналысқандардың бірі өзін Өмірзақ Кереңқұлов деп таныстырып, даулы видеода Қытай туы емес, қарапайым қызыл мата ілінгенін айтады.


"Мен, Өмірзақ Кереңқұлов, Қазақстан Республикасының азаматымын. Біз бір топ жұмысшылар осында жұмыс істейміз. Біз бұл қызыл матаны көз тимеуі үшін ырымға ілдік. Себебі жұмыс жақсы жүріп бара жатыр. Біреулер түсіріп, халық арасына іріткі салу үшін бе, білмеймін, таратып жіберіпті. Бұл қарапайым қызыл мата. Міне, көріңіздер. Қытайдың ешқандай жалауы жоқ", - деген ер адам матаның арғы бетін де камераға көрсетеді.





Көрілген: 2678    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 19:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30