Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкентте тыр жалаңаш еркек мектепке кіріп кетті (18+)

03 маусым 2022, 19:38

Білім ұясының ауласында жүрген оның видеосын @shymkent.online паблигі жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Шымкент қаласында А.Пушкин атындағы гимназияның ауласында белгісіз ер адам тыр жалаңаш жүрген.

 

Оқиға 3 маусым күні күндіз болған. Мектеп директорының айтуынша, бұл кезде білім ұясында оқушылар болмапты. Мектеп ауласында жүрген ер кісіні күзетші байқап, дереу ғимараттың есігін құлыптап үлгеріпті. Ал кезекші мұғалім полицейлерге хабарлаған.

 

Тыр жалаңаш еркек бой тасалап қашып кетпек болғанымен, таяқ тастам жердегі банк маңынан ұсталған.

 

 

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, ұсталған еркек Шымкент қаласының тұрғыны.

 

Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Ол бір ай бұрын ауруханадан шығарылған. Бүгінгі әрекетінен соң қайтадан ауруханаға жатқызылды, деді Полиция департаментіндегілер.