Оқиға

Шымкентте үйінді астынан мәйіті табылғандардың ескі ғимаратта не істегені белгілі болды

  • Шымкентте үйінді астынан мәйіті табылғандардың ескі ғимаратта не істегені белгілі болды

    Шымкентте үйінді астынан мәйіті табылғандардың ескі ғимаратта не істегені белгілі болды

"Ордабасы" интустриялдық аймағында орналасқан бос ғимараттардың бірінің шатыры сенбі күні опырылып түсті

Шымкентте индустриялдық аймақ аумағында үйінді басып қалғандар темір кесуге барған болуы мүмкін. Оған қиранды астынан табылған марқұмдардың көлігі мен құрал-саймандары дәлел, деп хабарлады "Астана" арнасы.  

"Ордабасы" интустриялдық аймағында орналасқан бос ғимараттардың бірінің шатыры сенбі күні опырылып түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы жасағы оқиға орнында үш сағаттай жұмыс істеді. Үйінді астында қалғандарды іздестіруге иттің көмегі қажет болды.

Айта кетейік, құлаған бетон астынан үш бірдей ер адамның мәйіті табылды. Ескі ғимарат болғандықтан құтқарушылардың өзі басын қатерге тігуіне тура келді. Өйткені бетон қабырғалар ауыр темір тіреуіштермен бекітілген екен.

"Алдын ала мәлімет бойынша бір адам сол жерде қарауыл болып жұмыс істеген. Оқыс оқиға ғимараттардың темір бетондарын қырқу кезінде болған деген болжам жасалды. Ол жерде біздің құтқарушылар жұмыс істеген кезде де қауіп төніп тұрды, себебі ол қараусыз қалған ғимарат", - дейді Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы Орынбасар Төртбаев.
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған күзетші индустриялдық аймақта жұмыс істегенмен, дәл оқиға болған күні жұмысқа түспеген көрінеді. Қазір болған жәйтке байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Полиция 22, 29 және 54 жастағы марқұмдардың үшеуі де Шымкент қаласының тұрғыны екенін мәлімдеді. Айғақты зат ретінде автокөлік пен табылған заттар алынып, тиісті сараптама тағайындалды.

sputnik.kz




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30