Оқиға

Шымкентте үйінен шығып, қайтып оралмаған қыз табылды

  • https://chel.aif.ru/

    https://chel.aif.ru/

Шымкент қаласының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған кішкентай қызды тапты, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Еңбекші АПБ-не 13 ақпан күні кешкі сағат 20-00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйел өз арызында кешкі сағат 20-00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен.

 

Қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

 

Шымкент қалалық Полиция басқармаларына бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде 2-3 сағат көлемінде қыздың жүрген жері анықталды. Қазіргі таңда кішкентай қыз анасына аман-есен табысталды.

 

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы:

 

&ndash Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Шымкенттік полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің 717 автоэкипаж қызметкерлері  Б.Орынбаев М.Машрапов, сондай-ақ, 714 экипаждың аға қызмет инспекторы Қ.Дуйсебаевтарға алғысым шексіз. Шымкенттік полицейлерге алғысымды айтамын!, &ndash деп ризашылығын білдірді.

 

Шымкент қаласының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстауға кеңес береді.

 

 




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 23:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30