Оқиға

Шымкенттегі газ-ауа қоспасының жарылуынан ресейлік азамат зардап шекті

  • Шымкенттегі газ-ауа қоспасының жарылуынан ресейлік азамат зардап шекті

    Шымкенттегі газ-ауа қоспасының жарылуынан ресейлік азамат зардап шекті

Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Нұрсәт мөлтекауданында 5-қабатты тұрғын үйде 2020 жылғы  09 қарашада сағат 06:27-де газ-ауа қоспасының  жарылуы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға көпқабатты үйдің 1-қабатындағы бір пәтерінде орын алып, салдарынан 1957 ж.т. Ресей Федерациясының ер азаматы (пәтер жалдаушы) дене жарақатын алған, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйне қайтарылды.

 Сонымен бірге пәтердің терезелері, есіктері зақымдалып, үй заттары мен жиһаздары жанды. Өрттің жалпы көлемі 35 шаршы метр құрады. Қауіпсіз жерге 4 адам шығарылып, 6 адам құтқарылды. Сондай-ақ, оқиғаның салдарынан көршілес орналасқан екі пәтердің терезелері, "Ауди" автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымдалған. Өрттің беті 06.42-де оқшауланып, сағат 07.20-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері газ шаруашылығының алдын ала мәліметі бойынша белгісіз себептерден газдың жиналуы.

Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 29 адам және 6 техника,  Апаттар медицина орталығы филиалының, жедел-құтқару жасақтың 8 қызметкері, 2 техникасы, Полиция департаментінің жеке құрамында 20 адам, 7 техникасы жұмылдырылды. 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31