Оқиға

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкенттегі газ сақтау стансасында жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетованың сөзінше, денесінің 98 пайызын күйік шалған науқасқа барлық ем-дом жасалғанымен, аман алып алып қалу мүмкін болмаған.


«Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан жігіттің бетін, мойнын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз етілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді Мәдина Ермаханбетова.


Еске салайық, Шымкенттің іргесіндегі елдімекенде газ сақтау станциясында жарылыс болып, бір жұмысшы зардап шеккен болатын. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап, жансақтау бөліміне жатқызған.


Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31