Оқиға

Шымкенттік әйел пойызда босанып қалды

  • Шымкенттік әйел пойызда босанып қалды

    Шымкенттік әйел пойызда босанып қалды

Жолсеріктер "Шымкент-Алматы-2" бағытымен жолға шыққан әйелдің пойызда сәтті босануына көмектескен. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Оқиға 14 қаңтар күні болған.


Айгүл Жүзбаева есімді Шымкент қаласы тұрғыны жүктіліктің соңғы айында Алматыға қарай жол тартқан.


Түлкібас станциясынан өткенде аяғы ауыр әйелдің толғағы басталыпты.


Сол уақытта 16 вагонның жолсерігі Даурен Байменов пен пойыздың өзге қызметкерлері қажетті көмекті көрсетіп, әйелді сәтті босандырып алған. Нәтижесінде өмірге қыз бала келген.


Ал сол күні кешке қарай Тараз қаласының станциясынан жедел жәрдем күтіп алып, әйелді перзентханаға жеткізген.


Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз қызметкерлеріне алғысын жеткізіпті.


Өмірге келген нәрестенің жағдайы жақсы.




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30