Шымкенттік бойжеткен ТЖД-ны аяғынан тік тұрғызды

27 шілде 2022, 09:19

Шымкентте кәріз жүйесінің темір торына аяғын қысып алған бойжеткен құтқарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Аяқ астына шарасыз күйге түскен қыз құтқарушыларды көмекке шақырды. Оқыс жағдай Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты кафелердің бірінде болған.

 

Дереу оқиға орнына жеткен құтарқушылар 29 жастағы зардап шегушінің аяғын тордан босатты.

 

"Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментінің “112” құтқару қызметіне 29 жастағы азаматшаның аяғы қысылғаны туралы хабар келіп түскен. Темір торға аяғы абайсызда кіріп кетіп, шығара алмай қалған 1993 жылғы азаматшаға жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары дереу көмекке келді. Оқиға орнына барған құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен темір торды керіп, аяғын босатты.  Көшеде жүргенде абай болыңыздар",- делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.