Оқиға

Шымкенттік жүргізуші капотқа жабысқан полицейді сүйреп қашты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полицейді қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды.

"Mitsubishi Galant" автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Рысқұлов көшесінде "Audi-80" көлігімен соқтығысқан. Анықталғандай, Mitsubishi Galant жүргізушісі мас болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Жол сақшысы "Mitsubishi Galant" жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді сұрайды. Алайда ер адам бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Ол көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, капотында үш шақырымға тасыған.

<iframe width="600" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/uwgn86kNtMw" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Десе де, полиция заң бұзған 31 жастағы жүргізушіні қолға түсірді.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір ол Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды.

Полицей зардап шеккен жоқ.

sputnik 




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30